5 сентября 2022 01:09
Количество просмотров: 1542
Біздің Қазақстан әдемі! Ал Шығыс Қазақстан табиғатының сөзсіз әсемдігімен және байлығымен ерекшеленеді! Өскеменнің әрбір азаматы туған қаласын көгалдандыруға өз үлесін қосуы тиіс.
5 қыркүйекте «Самал» саябағында дүйім жұрт алма бағын отырғызды, оған ниет білдірушілердің барлығы ат салысты.
Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің ерікті студенттері де шетте қалмай, бірнеше алма ағаштарын отырғызды. Болашақта студенттеріміз саябақта қыдырып жүргенде өздері отырғызған алма ағаштарының жайқалып өсіп, гүлдегендерін тамашалап, таңырқайды деп ойламыз.