Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:
  • г. Усть-Каменогорск, ул. Қанипа Бітібаева, 1
  • +7 (7232) 41-11-55, +7(7232)540115
  • vkgk@mail.ru

Жаңалықтар

«Тілдарын – 2022» облыстық олимпиадасы

Областная олимпиада «Тілдарын – 2022» Областная олимпиада «Тілдарын – 2022» Областная олимпиада «Тілдарын – 2022» Областная олимпиада «Тілдарын – 2022» Областная олимпиада «Тілдарын – 2022»

19 мая 2022 05:05

Количество просмотров: 856

«ШҚО кәсіптік білім беру орталығы» КММ басшылығымен Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі базасында 2022 жылдың 19 мамыр күні ТжКбб ұйымдарының студенттері арасында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен «Тілдарын – 2022» облыстық олимпиадасы өтті.

Іс-шараны ШҚО білім басқармасы кәсіптік білім беру орталығы директорының әдістемелік және ұйымдастыру жұмысы жөніндегі орынбасары З.Ш.Утепова және колледж директоры Ф.С.Курманов ашып, қатысушыларға өздерінің үздік тілді білу қабілеттерін көрсете отырып, алдағы жарысқа сәттілік тіледі.

Олимпиаданың жабылу салтанатында мынандай қорытынды жасалды: қазылар алқасының шешімі бойынша 1 дәрежелі дипломмен Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі студенті Қасымова Жаннұр марапатталды.

2 дәрежелі дипломды Алматай Адиль– Р.Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі, Каримова Диана - М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі студенті иеленді.

Арғын Әлішер - Геологиялық барлау колледжі және Нұрбекұлы Әмірбек – Өскемен жоғары политехникалық колледжі студенттері 3 дәрежелі дипломдармен марапатталды.

«Тіл шебері» номинациясын Слямгазин Данияр, Шығыс техникалықгуманитарлық колледжі, «Жас қаламгер» номинациясын Жолауханов Ислам, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжі, «Үздік аудармашы» номинациясын Турсунханова Айгерім Шығыс Қазақстан технология колледжі иеленді.

Олимпиада жеңімпаздарын құттықтаймыз, студенттерге қатысқаны үшін алғыс айтамыз және барлығына сәттілік, шабыт және шығармашылық табыс, жаңа жеңістер тілейміз!