Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:
  • г. Усть-Каменогорск, ул. Қанипа Бітібаева, 1
  • +7 (7232) 41-11-55, +7(7232)540115
  • vkgk@mail.ru

Жаңалықтар

«Суицидтің алдын алудың бірыңғай тәсілдері: проблемалар мен шешу жолдары» облыстық кеңейтілген кеңес

Областное расширенное совещание «Единые подходы к профилактике суицида: проблемы и пути решения» Областное расширенное совещание «Единые подходы к профилактике суицида: проблемы и пути решения» Областное расширенное совещание «Единые подходы к профилактике суицида: проблемы и пути решения» Областное расширенное совещание «Единые подходы к профилактике суицида: проблемы и пути решения» Областное расширенное совещание «Единые подходы к профилактике суицида: проблемы и пути решения»

30 января 2024 05:01

Количество просмотров: 80


Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында 2024 жылғы 30 Қаңтарда суицидтің алдын алу мәселелеріне арналған «Суицидтің алдын алудың бірыңғай тәсілдері: проблемалар мен шешу жолдары» атты облыстық кеңейтілген кеңес өтті

Іс-шараға ШҚО әкімі Ермек Көшербаев, ШҚО ББ басшысы Иннеса Чернышева, Тергеу басқармасының бастығы, ШҚО полиция департаментінің полиция полковнигі Дәурен Иманмадиев, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Шолпан Мақашева, ШҚО ББ өңірлік психологиялық көмек және қолдау орталығы басшысының м.а. Лилия Куземко, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен колледж студенттері қатысты.

Отырыс барысында кәмелетке толмағандар арасында суицид жасау кезіндегі себептер мен жағдайларға, алдын алу шараларына және бірыңғай іс-қимыл стратегиясына байланысты маңызды мәселелер талқыланды. Сондай-ақ кибербуллингпен күресуге және оны желіде тануға бағытталған жаңа жобалар ұсынылды.

Іс-шара қорытындысы шығарылып, ұсыныстар қабылданды.

Кеңесте барлығы бес алаң жұмыс істеді, олардың әрқайсысында жастар арасындағы суицид мәселесіне қатысты түрлі мәселелер қаралды. Директорлар, директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және ТжКБ психологтары үшін № 5 секция жұмыс істеді, онда «Білім беру ортасында суицидтік мінез - құлықтың алдын алу бойынша әлеуметтік-психологиялық қызметтің өзара іс-қимылы» мастер-класс өткізілді. Аталған алаңның модераторлары Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанар Сагаладиновна Джуманазарова және жоғары медициналық колледжінің психология оқытушысы Бақыт Кауатайқызы Сейлханова болды. Жасөспірімдердің суицидінің негізгі белгілері, себептері, түрлері, динамикасы және суицидтік мінез-құлықтың алдын-алу қарастырылды. Колледждің әлеуметтік-психологиялық қызметінің жұмысы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алуда үлкен маңызға ие, ол арнайы іс-шараларды өткізгеннен кейін әртүрлі факторлар бойынша 4 топқа бөлінетін "тәуекел тобын" бөліп көрсетуі керек. Модераторлар аутодеструктивті мінез-құлқы бар балаларды анықтаудың бірнеше әдістерін ұсынды. Бұл әдістер психологтарға, директорлардың тәрбие замест жөніндегі орынбасарларына және басқа мұғалімдерге қиын жағдайда балаларға көмек көрсетуге, оларға ерекше назар аударуға көмектеседі. Қатысушылар үшін мастер-класс өте пайдалы болды және кейіннен іс жүзінде қолданылды.