Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:
  • г. Усть-Каменогорск, ул. Қанипа Бітібаева, 1
  • +7 (7232) 41-11-55, +7(7232)540115
  • vkgk@mail.ru

Жаңалықтар

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын талқылау

5 сентября 2021 04:09

Количество просмотров: 1200

Бүгін оқу орнымызда жаңа оқу жылының басталуына орай алғашқы педагогикалық кеңес өткізілді. Педагогикалық кеңес барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауы талқыланды. Ұжым Президенттің халықтың әл-ауқатын арттыруға арналған бес бастамасын зерделей келе, пікірлерін ортаға салды. Жолдаудағы елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары, іргелі ғылыммен айналысатын институттарды тікелей қаржыландыру, ғылым саласын гранттық қаржыландыру мәселесін 5 жылға дейін ұзарту туралы Президент ұсынысын, цифрландыру жобасы аясында 100 мың білікті IT -маман даярлау жөнінде берілген тапсырмасын талқылай отырып, педагогтер өз көзқарастарын білдірді.

Музей қызметкерлері, мұрағатшылар, кітапханашылар, техникалық қызметкерлер 2022 жылдан 2025 жылға дейін мемлекет осы санаттағы азаматтық қызметкерлердің жалақысын жыл сайын орта есеппен 20% өсетіндігі туралы айтылған Президенттің сөздерін ұжым ерекше қуанышпен қабылдады. Мұғалімдердің қайта даярлаудан бұрынғыдай 5 жыл сайын емес, 3 жылда бір рет өтетіндігі туралы жаңалық та әріптестер тарапынан қолдау тапты.

Жолдауда білім саласына қатысты айтылған тағы бір жағымды жаңалық - дарынды балаларға жан-жақты қолдау көрсету, жоғарғы оқу орындарына түсу үшін конкурстан тыс гранттардың бөлінетіндігі, ақшалай сыйақы берілетіндігі. Әрине, біздің оқу орнымыз үшін «Тегін техникалық және кәсіби білім беру» жобасын жүзеге асыру ары қарай жалғасын табатындығы қуантарлық жайт. Осылайша мұғалімдерді қолдау саясаты жалғаса беретіндігі сөзсіз деп ойлаймыз.