Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:
  • г. Усть-Каменогорск, ул. Қанипа Бітібаева, 1
  • +7 (7232) 41-11-55, +7(7232)540115
  • vkgk@mail.ru

Жаңалықтар

Дәстүрлі ата-аналар жиналысы

Традиционные родительские собрания Традиционные родительские собрания

11 сентября 2021 04:09

Количество просмотров: 1045


Оқу жылы штаттық режимде басталды және барлық студенттер колледжде офлайн режимде оқиды. Студенттерге әкімшілік және педагогикалық қызметкерлер тарапынан, соның ішінде санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау бойынша белгілі бір талаптар қойылады. Кураторлар студенттерді ішкі тәртіп Ережелерімен, ТжКБ жүйесіндегі оқыту ерекшеліктерімен таныстырып отырады. Енді кезекте студенттердің ата-аналарымен немесе заңды өкілдерімен танысу қажет болды.

2021 жылдың 11 қыркүйегінде ZOOM платформасы арқылы жаңадан қабылданған студенттердің ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Колледж директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Фархад Сакқанұлы ата-аналарды «Білім беру ұйымдарында 2021-2022 оқу жылында коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 Қаулысымен таныстырды. Директордың орынбасарлары оқу процесінің ерекшеліктері, ішкі тәртіп ережелері, колледждің әрбір студентіне қойылатын жалпы талаптар туралы толыққанды ақпарат берді. Студенттердің 400-ге жуық ата-аналары мен заңды өкілдері қатысып, өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік алды.