19 марта 2026 06:03
Количество просмотров: 25
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында, 19 наурыз күні колледждің студент-еріктілері Шығыс Қазақстан зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында жүрекке жылы, әсерлі акция ұйымдастырды.
Іс-шара аясында жастар концерттік бағдарлама дайындады: көктемгі жарқын көңіл-күй мен шынайы сезімге толы әндер шырқалып, билер орындалды. Қатысушылар сұрақтарға қуана жауап беріп, өз білімдерімен бөлісіп, өзара белсенді түрде пікір алмасқан танымдық викторина көпшіліктің ерекше қызығушылығын оятты. Мерекелік атмосфера барлық қатысушылардың басын біріктіріп, қонақтарға қуаныш, күлкі және қамқорлық сезімін сыйлады.
Өткізілген бұл акция жастардың қоғамға қаншалықты пайдасын тигізіп, әлемді мейірімді әрі жақсырақ ете алатындығының айқын мысалы болды.