Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

Профориентационная работа Профориентационная работа Профориентационная работа Профориентационная работа Профориентационная работа

16 апреля 2026 08:04

Количество просмотров: 34


Мектеп оқушылары қазіргі таңда білімін жалғастыруға байланысты маңызды шешім қабылдау кезеңінде тұр. Олардың алдында 11-сыныпқа дейін мектепте оқуын жалғастыру немесе 9-сыныптан кейін Қазақстан колледждерінің біріне оқуға түсу таңдауы бар. Осыған орай, оқушыларға мамандық таңдауда дұрыс бағыт беру мақсатында кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

2026 жылдың 15 сәуірі күні аталған бағыттағы іс-шара Өскемен қаласы әкімдігінің «№32 орта мектебі» КММ-де ұйымдастырылса, 16 сәуір күні «№24 орта мектебі» КММ-нің оқушылары оқу орнымызға арнайы келіп, оқу бағдарламаларымен және оқуға түсу мүмкіндіктерімен танысты.

Кездесу барысында оқушыларға колледждегі мамандықтар, оқу үдерісі, қабылдау талаптары туралы жан-жақты ақпарат беріліп, олардың қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес кеңестер ұсынылды. Сонымен қатар, білім алушылар оқу кабинеттері мен зертханаларды аралап, студенттік өмірдің ерекшеліктерімен танысты.

Аталған шаралар оқушылардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына, өз мүмкіндіктерін дұрыс бағамдауына және кәсіби бағыт-бағдарын айқындауына зор ықпал етті.