4 мая 2026 04:05
Количество просмотров: 51
Болашақ талапкерлерге колледж мүмкіндіктерін таныстыру және кәсіптік білім берудің артықшылықтарын насихаттау мақсатында 2026 жылдың 27 сәуірі мен 4 мамыры аралығында колледж оқытушылары кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді
Аталған іс-шара аясында оқытушылар Глубокое және Ұлан аудандарының мектептерінде, сондай-ақ Риддер қаласының білім беру ұйымдарында болып, бітіруші сынып оқушыларымен кездесулер өткізді. Кездесу барысында оқушыларға колледжде жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалары, мамандықтар ерекшелігі, оқу үдерісі, студенттерге жасалған мүмкіндіктер мен оқу орнының жетістіктері туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Сонымен қатар, талапкерлерге қабылдау ережелері түсіндіріліп, олардың болашақ мамандық таңдауға қатысты сұрақтарына жауаптар ұсынылды. Мұндай кездесулер жастардың кәсіби бағдарын айқындауға, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат алуға және саналы мамандық таңдауына ықпал етеді.
Колледж ұжымы кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырып, өңір жастарына сапалы білім алу мүмкіндіктерін таныстыруды жалғастыруда.