19 февраля 2025 04:02
Количество просмотров: 1149
ШҚО білім басқармасы тарапынан өткізілетін кәсіптік бағдар беру іс-шаралары шеңберінде Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 27943 әскери бөлімінің мерзімді қызметінің әскери қызметшілерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында концерттік бағдарлама ұсынылып, экскурсия ұйымдастырылды. Аталған іс-шаралар шеңберінде колледж студенттері әскер қатарындағы азаматтарды педагогикалық мамандықтарда білім алудың артықшылықтарымен таныстырды. Мерзімді қызметтерін аяқтағаннан кейін кейбір сарбаздар біздің колледжде білім алуға шешім қабылдауы мүмкін.
Бұл кәсіптік бағдарлау іс-шаралары халқы тығыз орналасқан, әскерде қызмет өткеретін еліміздің оңтүстік өңірлері жастарын облыс колледждерінде техникалық және кәсіптік білім алуға, сондай-ақ оларды Шығыс өңірінің кәсіпорындарына жұмысқа орналастыруға тартуға бағытталған.