29 сентября 2023 06:09
Количество просмотров: 1339
2023 жылдың 29 қыркүйегі күні Өскемен қаласындағы «Ертіс Концерт» залында «Тағылымға толы 100 жыл» атты салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шарада колледж ардагерлеріне мерейтойлық төсбелгілер тағылып, гүл шоқтары таратылды.
Ауқымды іс-шараға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кәсіптік және техникалық департамент директорының орынбасары Қасымова Акзира Бақтыбаевна, ШҚО әкімдігінің аппарат жетекшісі Нургалиев Ербол Жолдасбекұлы, ШҚО білім басқармасының басшысы Чернышева Инесса Александровна қатысып, колледж оқытушыларына, ата-аналарға және студенттерге, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, ШҚО облыс әкімінің Құрмет грамоталары және Алхысхаттарымен марапаттады. Шара мерекелік концертке ұласты.