Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

Ата-аналар жиналысы

Родительские собрания Родительские собрания Родительские собрания Родительские собрания

17 сентября 2022 01:09

Количество просмотров: 1537

Ата-аналар жиналысын өткізу – өскелең ұрпақпен жұмыс істеудің қажетті шарты.

Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің әкімшілігі, педагогтер мен студенттердің заңды өкілдерінің қатысуымен үнемі ата-аналар жиналысын өткізіп отырады.

2022 жылдың 17 қыркүйегінде соңғы уақытта алғаш рет (короновирус пандемиясына байланысты) жиналыстар біріктірілген режимде өтті: бір уақытта онлайн және офлайн режимдерде. Ата-аналар жиналысы үш кезеңде өтті.

Колледж директоры тарих ғылымдарының кандидаты Фархад Саканович Курманов оқу-тәрбие процесінің бір жылға арналған міндеттерімен таныстырып, ата-аналар мен педагог қызметкерлер ынтымақтастығының стратегиялық бағыттарын анықтады.

Директордың орынбасарлары модульдік жүйе бойынша оқытуды ұйымдастыру толыққанды ақпарат беріп, ішкі тәртіп ережелері мен оқу процесінің ерекшеліктерін, студенттердің сыртқы келбетіне қойылатын талаптарды, олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндірді, жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы ескертіп өтті.

Колледж психологі жасөспірімдердің психологиялық денсаулығын қолдау бойынша ұсыныстар айтты.

Медицина қызметкері жеке гигиена ережелерін, санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен дұрыс тамақтану негіздерін еске салды.

Ата-аналар тарапынан өздерін толғагдыратын сұрақтар қойылды. Жиналыстан кейін ата-аналар және студенттердің басқа да заңды өкілдер топ кураторларымен кездесіп, қосымша ақпарат алды.

Жиналысқа барлығы 450-ге жуық ата-ана, ал онлайн режимде 50-ден астам адам қатысты.

Ата-аналар қауымдастығымен бірлескен жұмыс студенттермен тәрбие жұмысын күшейтуге көмектеседі.