17 сентября 2022 01:09
Количество просмотров: 1553
Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі салауатты өмір салтын қалыптастыруға көп көңіл бөледі.
2022 жылдың 17 қыркүйегінде «Денсаулық күні» фестивалі өтті, оған 1 курс студенттері қатысты. Барлық қатысушылар спорттық эстафеталарға, арқан тартуға және басқа да сайыстарға зор ықыласпен қатысты.
Жоғары курстың белсенді студенттері ән, би, флеш-моб және көңілді жаттығулармен фестивальдің керемет мерекелік ашылуын ұйымдастырды.
Мұндай дәстүрлі іс-шара студенттердің дені сау, мықты болу үшін салауатты өмір салтын ұстану және үнемі спортпен шұғылдану маңызды екенін түсінуіне бағытталған.
Жарыс барлық мамандықтар бойынша өткізілді, соның ішінде «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының студенттеріне жеке ұйымдастырылды.
Нәтижелер келесідей болды:
Басқа мамандықтағы қыздар арасындағы Эстафета:
1-орын - 22-НО-1
2-орын - 22-ДО-1
3-орын - 22-РЯ-1
«Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының ұлдар арасындағы Эстафета:
1-орын 22-ДТ-2
2-орын 22-СЖ-2
3-орын 22-СЖ-1; 22-ДТ-1
Басқа мамандықтағы қыздар арасында арқан тарту:
1-орын - 22-РЯ-1
2-орын - 22-ИМ-2
3-орын - 22-ДО-1
«Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының жігіттері арасында арқан тарту:
1-орын - 22-ДТ-1
2-орын - 22-ДТ-2
3-орын - 22-СЖ-1
Осындай маңызды және көңілді іс-шараны ұйымдастырғаны үшін колледждің «Дене тәрбиесі және спорт» пән бірлестігінің оқытушыларына алғысымызды білдіреміз және барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз!