Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:
  • г. Усть-Каменогорск, ул. Қанипа Бітібаева, 1
  • +7 (7232) 41-11-55, +7(7232)540115
  • vkgk@mail.ru

Жаңалықтар

Ата- аналар жиналысы

Родительское собрание Родительское собрание

1 июня 2021 12:06

Количество просмотров: 1214

2021 жылдың 31 мамырында ZOOM платформасында колледж директоры, директор орынбасарлары, бөлім меңгерушілері, кураторлардың қатысуымен 2 курс білім алушыларының ата-аналарына арналған жиналыс өтті.

Жиналыста колледж директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Ф.С.Құрманов отбасындағы қолайлы қарым-қатынастың маңыздылығы, ата-аналар мен заңды өкілдерінің арасындағы қарым-қатынас жайлы ой бөлісті. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Слямбекова семестр мен оқу жылының қорытындылары және алдағы аралық аттестаттауды өткізу тәртібі жайлы толыққанды ақпарат бере отырып, оқу жылының аяқталуына орай, қорытынды бағаларының қанағаттанарлық болуы үшін CANVAS платформасына тапсырмаларын уақытында жүктеп отыруды ескертті.

Жиналыста ата-аналар тарапынан «Сovid-19» індетіне қарсы екпе алуға қатысты сұрақтар қойылды. Осы орайда, колледж директоры Фархад Сақанұлы екпені 18 жасқа толған студенттер ерікті түрде ғана алатынын айта келе, екпе алу – індеттен қорғанудың бірден-бір жолы екендігін ескертіп, ата-аналарға, студенттерге вакцина алуға ұсыныс жасады.

Ата-аналар өздерін толғандырған барлық сұрақтарына толық жауап алды.