23 июня 2026 05:06
Количество просмотров: 8
2026 жылдың 23 маусымы күні колледжде «Квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі мен ішкі бақылауды дамыту» тақырыбында кеңес өтті.
Кеңес барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, комплаенс қызметінің маңыздылығы, ішкі бақылау жүйесін жетілдіру және заңнама талаптарын сақтау мәселелері талқыланды. Қатысушылар адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын ұстанудың, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.
Іс-шара соңында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі атап өтілді.