4 марта 2026 02:03
Количество просмотров: 54
2026 жылдың 4 наурызы күні колледж директоры, т.ғ.к. Курманов Фархад Сақанович және Өскемен қалалық мәслихатының депутаты, әлеуметтік сала және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі комиссия төрайымы Есимбекова Арайлым Керімбекқызы оқу орнымыздың студент-еріктілермен бірге Өскемен қаласындағы «Дос-Нар» базарының тұтынушыларымен Қазақстанның Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі алдағы референдум туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.
Акция барысында олар базарда сауда жасап жүрген тұрғындарға референдум туралы ақпарат берілген буклеттер, плакаттар мен флаерлер таратып, оның маңызы мен азаматтардың дауыс беруге қатысуының қажеттігін түсіндірді.