Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:
  • г. Усть-Каменогорск, ул. Қанипа Бітібаева, 1
  • +7 (7232) 41-11-55, +7(7232)540115
  • vkgk@mail.ru

Жаңалықтар

Түлектер кездесуі

Встреча выпускников Встреча выпускников Встреча выпускников Встреча выпускников Встреча выпускников Встреча выпускников Встреча выпускников Встреча выпускников Встреча выпускников Встреча выпускников Встреча выпускников Встреча выпускников Встреча выпускников Встреча выпускников Встреча выпускников Встреча выпускников

17 июня 2023 04:06

Количество просмотров: 522


2023 жылдың 17 маусымында Шығыстағы білімнің қарашаңырағы, педагогтерді даярлаудың ұстаханасы атанған Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі өзінің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында түлектер кездесуін өткізді. Биылғы оқу жылында осымен екінші мәрте ұйымдастырылып отырған бұл кездесуге оқу орнының құрметті ардагер ұстаздары, барлық жылдардың мамандықтары бойынша колледж түлектері шақырылған еді. Кездесу кешінде сөз алған әр жылдардың түлектері өздерінің оқу орны қабырғасында оқыған сәттеріндегі естеліктерімен бөлісіп, жылы лебіздерін білдірді.

Ғасырлық тарихы бар оқу ордасында білім алып, бүгінде қоғамның әр саласынан ойып орын алған табысты кәсіпкерлер мен басшылар, әкімдер, ғалымдар, ұстаздар, жаттықтырушылар, колледж, мектеп, балабақша директорлары мен тәрбиешілері болып табылатын колледждің әр түлегі ұлағатты ұстаздарын, оқу орнында алған білімі мен тәлім-тәрбиесін кеңінен сөз етті, музыкалық сәлемдерін жолдап, жыр шашуларын арнады.

Кездесуге келген түлектер мен ардагер ұстаздарға арнап колледждің әлем, республика және облыс көлеміне танымал болып жүрген спортшы студенттері спорттың әр түрінен қойылымдар көрсетіп, өз жетістіктерімен бөлісті.

Сондай-ақ, колледж қабырғасындағы естеліктерін жаңғырту үшін түлектерге арнап экскурсия ұйымдастырылды.

Кездесу нағыз шын жүректен шыққан шынайы алғыстарға, жылы лебіздерге әрі ерекше көңіл-күйге толы болды. Болашақта мұндай кездесулерді өткізу дәстүрге айналмақ.