Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:
  • г. Усть-Каменогорск, ул. Қанипа Бітібаева, 1
  • +7 (7232) 41-11-55, +7(7232)540115
  • vkgk@mail.ru

Новости

Тәуелсіздік күні

Тәуелсіздік күні Тәуелсіздік күні Тәуелсіздік күні Тәуелсіздік күні Тәуелсіздік күні Тәуелсіздік күні Тәуелсіздік күні

16 декабря 2022 01:12

Количество просмотров: 626


 

Тәуелсіз ел болу оны жариялаумен немесе мемлекеттің іргетасын қалаумен шектелмейді. Тәуелсіздік үшін нағыз күрес күнделікті еңбекпен, үздіксіз білім алумен, әрі дәйекті елдік саясатпен мәңгі жалғасады.

Бүгін тарихы тереңде жатқан 16 желтоқсанда аталып өтетін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай оқу орнымызда іс-шара болып өтті.

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Мұқашұлы Омардың бастамасымен және қолдауымен жерлестеріміз желтоқсан оқиғасының құрбаны Сабира Мұхамеджанова мен желтоқсан оқиғасының қаһарманы Әбдіхалықов Әлімхан Сейпілұлының атаулы шәкіртақылары мен Сабира Мұхамеджанова атындағы үлгілі бөлменің кілтін табыстау іс-шараның басты мақсаты болып табылды.

Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы «JELTOQSAN-86» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рамазанов Маратбек Айтахметұлы, Зағыпаров Еркебұлан Серікұлы, Райсова Роза, Қуандық Ермұханбет Әбдікерімұлы, Құрманғалиев Ермек Төлеуханұлы, Қабидолдин Қуаныш Тілеуханұлы, Сейлханова Жанар Әлімханқызы және Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы құрбандарының бірі, колледж білім алушысы болған Мұхамеджанова Сәбира Есімбекқызымен бірге оқыған курстастары, БАҚ өкілдері қатысты.

«Сәбира Мұхамеджанова» атындағы атаулы шәкіртақы 13 дүркін Қазақстан чемпионы, 11 дүркін Азия чемпионы, армрестлингтен 9 дүркін әлем чемпионы, Қазақстан Республикасының спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, «Әлемнің ең жас чемпионы» атағының иегері 20-ДТ-1 тобының студенті Дурсаева Дешиге және «Аманат» партиясының жанындағы «Жастар рухы» Жастар қанаты бөлімшесінің алғашқы төрайымы, Абай атындағы ШҚГК «Арыстар аманаты» дебат клубының координаторы, Өскемен қаласының «Адал Өскемен» еріктілер ұйымының координаторы, көптеген қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық конкурстардың, конференциялардың, жарыстардың жеңімпазы 4-ИН.ЯЗ-1тобының студенті Қуанышбаева Айданаға табысталды.

           «Әлімхан Сейпілұлы Әбдіхалықов» атындағы атаулы шәкіртақыны оқуда озат, әрі белсенді студенттер, колледжішілік, қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық конкурстардың, ғылыми конференциялардың, жарыстардың жеңімпаздары 4-ИН.ЯЗ-1 тобының студенті Жұмашова Алтынайға және 20-ИМ-1 тобының студенті Болатова Аружанға Әлімхан Сейпілұлының қызы Сейлханова Жанар Әлімханқызы табыстады.

Шәкіртақыға демеушілік көрсетіп, өскелең ұрпақтың білім мен тәрбие үдерісіне өз үлестерін қосып отырған Әлімхан Сейпілұлының қызы Сейлханова Жанар Әлімханқызына және осы әулетке алғыс білдіреміз!

            Іс-шараның екінші бөлімінде Сабира Мұхамеджанова атындағы үлгілі бөлменің ашылу рәсімі өткізілді. Батыр қызымыз, әпкеміз Сабира Мұхамеджанова тұрған үлгілі бөлмеге кілтін колледжіміздің қоғамдық өміріне белсене қатысып, республикалық, облыстық байқаулар мен іс шараларда өздерін жақсы жағынан көрсеткен білім алушылар, жатақхана тұрғындары Бидахметова Балжан мен Жакупова Еркежанға Сабираның ағасы Мұхаметжанов Мұратхан Есімбекұлы және «JELTOQSAN-86» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рамазанов Маратбек Айтахметұлы табыстады.