Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:
  • г. Усть-Каменогорск, ул. Қанипа Бітібаева, 1
  • +7 (7232) 41-11-55, +7(7232)540115
  • vkgk@mail.ru

Жаңалықтар

«Абай тағылымы ұрпақ тәрбиесінде...» сыныптан тыс іс-шарасы

Внеклассное мероприятие «Абай тағылымы ұрпақ тәрбиесінде...»   Внеклассное мероприятие «Абай тағылымы ұрпақ тәрбиесінде...»   Внеклассное мероприятие «Абай тағылымы ұрпақ тәрбиесінде...»   Внеклассное мероприятие «Абай тағылымы ұрпақ тәрбиесінде...»

30 сентября 2021 04:09

Количество просмотров: 1142

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және көрнекті қазақ ағартушысы, жаңашыл педагог Ы.Алтынсариннің 180 жылдығын мерекелеу, сондай-ақ, ШҚО білім басқармасының бекітілген тұжырымдамасына сәйкес, ШҚО кәсіптік білім беру орталығының «Мұғалімдер күніне арналған апта» аясында 2021 жылдың 30-қыркүйегі күні «Абай тағылымы ұрпақ тәрбиесінде....» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара болып өтті. Іс-шараға филология ғылымдарының докторы, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры Картаева Айжан Маратбековна арнайы қонақ ретінде шақырылды.

Іс-шараның мақсаты «Колледж - жоғарғы оқу орны» жүйесінде Абай шығармашылығын оқытудың өзекті мәселелерін көтеру, Абай шығармашылығын дәріптеу, сондай-ақ, университет пен колледж арасындағы филиал жұмысын жаңғыртып, өзара байланысты нығайту болды.

Іс-шараның бірінші бөлімінде «Қонақкәде» айдары бойынша профессор Айжан Маратбековна «Абайтану» орталығы, Абай шығармашылығы, зерттеу еңбектері туралы әңгімелеп, білім алушыларға, «Абайтану» кабинетіне естелікке өз кәдесыйын ұсынды. Екінші бөлімінде білім алушылар келген қонаққа өздерінің сұрақтарын қойып, музыкалық сәлемдемелерін жолдады. Кездесу білім алушыларға ой саларлықтай әсерлі әрі қызықты өтті.